«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша көптілді тұлғаны дамыту, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мақсатында көпаспектілі жұмыстарды жүргізуде. Институтта өткізілетін форумдар, конференциялар, оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер педагогтардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға, рухани-адамгершілік дәстүрлерді жаңғырту мен сақтауға, білім беру мәдениетіне, көптілділікке ұмтылуға бағытталған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға зор үлес қосқан белсенді педагогтерді алғыс хаттармен марапаттады. Марапатталғандардың ішінде жаңа технологиялар және жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық)

пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылым магистрі, «Рухани жаңғыру» жобасы бойынша институт координаторы Г. К.Жапакова болды.

Тілдерді дамыту басқармасына ұжымның қызметін бағалағаны үшін алғыс білдіреміз. Ел болашағының өркендеуі үшін жемісті әрі табысты жұмыс тілейміз.

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.