Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Тоқжановтың төрағалығымен кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысына бейнетрансляция арқылы аудандар мен Ақтөбе қаласы әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты. Отырысқа комиссия мүшесі,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысындағы филиалының директоры,   ф.ғ.к. Н.М.Абишева қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың сабаққа қатысуы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Облыстың білім басқармасы бастығы Л.А. Уразбаеваның, комиссия мүшелерінің, әкімшілік қызметкерлерінің сөйлеген сөздері кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау мәселелері, сондай-ақ жастар мен отбасылық институтты жан-жақты қолдау үшін білім беру ұйымдарының, қоғамдық құрылымдардың қызметіне қатысты сұрақтарды шешудің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.
Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, сондай-ақ, өмірлік құндылықтарды өзектендіруге негізделген отбасылық білім беру: махаббат, қамқорлық, мейірімділік, кәмелеттік жасқа толмағандардың ішкі әлемін түсіну, қамқорлықты ұйымдастыру және т.б. мәселелер бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар жасалды.
Жас ұрпақтың санасын нығайтуға, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтауға, қоғамдық сана-сезімін «күшті және жауапты адамдардың бір ортасына айналдыру» үшін орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, педагогикалық және ата-ана қауымдастығының қызметін күшейту туралы мәселелі әңгіме жүргізілді.

 

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.