«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасының аясында «Туған жер» жобасының жүзеге асырылуына орай «Өрлеу» БАҰО АҚфилиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ ақпараттық орталығында «Туған өлкем-тұнған тарих, қазынам» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – тарихы терең, бай материалдық-рухани мұраларды, архитектуралық кескін-келбетімен бейнелеген өлкеміз жайында жазылған тарихи деректермен оқырмандардың қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Оқырман назарына  ұлт қайраткері, Алашорда үкіметінің төрағасы, сан қырлы дарын иесі Ә. Н. Бөкейханның өмірбаяндық деректері мен қызметі жөнінде, ғылыми, публицистикалық аударма мұралары туралы мақалалары енген «Әлихан Бөкейхан» энциклопедиясы, Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи мұра және танымал археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтері жинақталған  «Атамекен» ақпараттық-танымдық жинағы, жаңа әліпбиде емле ережелерін әзірлеу, сараптау, талқылау жұмыстарының барысы баяндалған «Латын әліпбиіне көшу: ғылыми-тәжірибелік негіздер, даму процесі және басты мәселелер» атты ұжымдық жинақ, 2 томдық  «Елдес Омарұлы шығармалары» атты жазу, емле, дыбыс,таңбалар т.б. туралы бұрын баспада  шығарылмаған еңбектері және  Қ.Күдеринованың «Бірге ме, бөлек пе?» атауымен қазақ тілі орфографиялық ережесі мен сөздігіне сәйкес  сатылап меңгертуге арналған оқу әдістемелік құралы ұсынылды.

Барлық оқырмандарды  жаңа әдебиеттермен   танысуға шақырамыз!  

Назарбаева Р.К.,

 ақпарат орталығының маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.