Құрметті әріптестер!

 

2019 жылдың 5 наурызында  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру: теориядан тәжірибеге» тақырыбында  облыстық  ғылыми – практикалық конференция өткізеді.

Өткізілетін орны: Ақтөбе қаласы, «Өрлеу» ҰБАО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Конференция мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді психологиялық-педагогикалық қолдаудың  маңыздылығын талдау, педагогикалық қызметте тәжірибе алмасу.

Конференция келесі мәселелер бойынша жұмыс жасайды:

  1. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар  балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау: әлеуметтік аспект;
  2. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендірудің практикалық маңызы;
  3. Білім алушылардың  қажеттіліктеріне байланысты білім мазмұнын бейімдеу ерекшеліктері

Баяндама мәтіні мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде қабылданады. Конференция материалдары электорндық нұсқада институт сайтында жарияланады. Конференцияның электрондық форматына ену үшін ұйымдастыру комитетіне: баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасы (баспа түрінде - мақаланың 1 данасы және электронды түрде) өткізілуі қажет.

Мақала материалдары баспадан шығу үшін келесі талаптар қатаң сақталу керек:

Баяндама (мақала) мәтіні 5 парақтан аспауы қажет және тіркеу формасы МS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы керек:

1. Кестелердің, сызбалардың, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек.

2. Парақтың параметрлері: жоғары - 2 см, төменгі - 2 см, сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см.

3. Шрифт: Times New Roman, кегль-12.

4. Жол аралық: 1 интервалмен.

5. Жаңа жол:0,9 см.

6. Бір жолдан кейін ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН) жазылады.

7. Баяндама тақырыбының төменгі жағына бір жолдан кейін парақ ортасына жай әріптермен (қою шрифтпен) автор(лар)-дың тегі, аты-жөні жазылады.

8. Төменгі жағына жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифпен).

9. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан баяндама (мақала) материалдары жазылады.

10. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде квадрат [ ] жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін: [1, 250 бет].

 

Тіркеу формасы

 

  1. Тегі, аты-жөні толығымен__________________________________________________________
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________________________
  3. Жұмыс жасайтын мекемесі, қызметі__________________________________________________
  4. Мақала тақырыбы_________________________________________________________________
  5. Секциясы________________________________________________________________________

Баяндама материалдары 01 наурызға дейін (2019) дейін e-mail: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. қабылданады. Тел: 8 (7132) 55-06-37

Ұйымдастыру комитеті

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.