«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2019 жылдың 20 ақпанында «4K моделі:  педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту жолында» (on-line) тақырыбында Республикалық педагогикалық пікірталас алаңын  өткізеді.

Мақсаты: Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазанда жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында 4K моделін зерделеудің өзекті мәселелерін талқылау және педагогтердің  кәсіби шеберлігін дамытудың стратегиялық бағыттары мен болашағын анықтау.

Республикалық педагогикалық пікірталас алаңына университет ғалымдары, облыстық  білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының тренерлері мен профессорлық- оқытушылық құрамы шақырылады.

Педагогикалық пікірталас алаң жұмысын  фокус топтар түрінде ұйымдастыру ұсынылады. Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

 

№ 1 – Білім берудегі 4 К модель үлгісі: теориядан тәжірибеге

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 

1. Заманауи білім берудегі 4K моделінің теориялық аспектілеріне, тұжырымдамаларына шолу жасау.

2. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында қарастырылатын болашақтағы білім беру мәселесі  XXI ғасырдың негізгі құзыреттілігі болып табылады.

3. Білім беру жүйесінің жетекші моделі ретінде 4K үлгісін дамытудың негізгі стратегиясы мен мүмкіндіктері.

 

№ 2 - Білім беру білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтың білім беру тәжірибесіндегі  4 К модель үлгісі

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 

1.  Педагогтердің үздіксіз білім алуының заманауи жүйесі: жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жаңа сын-қатерлер

2. Педагогтердің  кәсіби шеберлігін  жетілдіру  үшін біліктілікті арттыру курстарындағы  жаңартылған білім беру бағдарламаларының рөлі.

3. 4 K модель үлгісін  жүзеге  асыру бойынша  негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылау.

 

№3 - 4K моделін жүзеге асыру бойынша біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудың тиімді жолдары

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 

1. 4K моделін жүзеге асыру аясында  педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдірудің тиімді жолдары.

2. Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары.

3. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде білім беру қызметтерінің сапасын басқару.

 

№4 - 4 К модель үлгісі педагогтың ғылыми-зерттеу жұмысында

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

 

1. Жобалау-зерттеу қызметі – педагогтың кәсіби шеберлігін  дамыту факторларының бірі.

2. Жылдам өзгерудегі заманауи әлемде педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудағы ғылыми-әдістемелік қолдау.

2. Педагогтердің ғылыми жобаларға, байқауларға, кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуы.

 

Педагогикалық пікірталас алаңының белсенді қатысушыларына сертификат табысталады және алғыс хаттармен марапатталады (1,2 Қосымша).

Облыстық білім беру ұйымдарының педагогтері мен әдіскерлері  педагогикалық пікірталас алаңына қатысу үшін online.ripkso.kz/aktobe сілтемесі бойынша онлайн өткізу бөлмесіне кіре алады. Тіркеу: сағ. 9.00-10.00. Өткізілу мерзімі: Сағ.10.00-11.30 (жерг.уақытпен)

Қосымша мәліметтерді алу:

Электронды  адрес: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.

Байланыс телефоны: 8-7132-560537

 

 

 

 

1 қосымша

ӨТІНІШ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының тренерлері мен профессорлық- оқытушылық құрамының «4K моделі:  педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту жолында» (on-line) тақырыбындағы  Республикалық педагогикалық пікірталас алаңына қатысуы

 

1

Толық аты-жөні

 

2

Қызметі (толық) ғылыми атағы

 

3

Фокус топ  түрі

 

4

Тақырыбы

 

5

Филиал атауы

 

6

Жұмыс телефоны (қаланың кодын көрсету)

 

7

Телефон (ұялы)

 

8

E-mail

 

 

 

2 қосымша

ӨТІНІШ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының тренерлері мен профессорлық- оқытушылық құрамының «4K моделі:  педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту жолында» (on-line) тақырыбындағы  Республикалық педагогикалық пікірталас алаңына қатысуы

 

1

Толық аты-жөні

 

2

Қызметі (толық) ғылыми атағы

 

3

Фокус топ  түрі

 

4

Филиал атауы

 

5

Жұмыс телефоны (қаланың кодын көрсету)

 

6

Телефон (ұялы)

 

7

E-mail

 

 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.