«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе Филиалы  №3  ОМ базасында ағымдағы жылдың 24 қаңтарында «Білім  мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды. Семинар жаңартылған білім мазмұны аясында сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату  мақсатына бағытталды. Семинар барысында қалыптастырушы бағалауды енгізуде педагогтермен тәжірибе алмасудың  диалогтік алаңы құрылып, облыс педагогтеріне қалыптастырушы бағалауды сапалы енгізу мәселесі бойынша тәжірибелік қолдау көрсетілді. Фасилитация сабақтар, фокус топтармен жұмыстар жасалынды. Бірлескен талқылау барысында қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың мәселелері мен қиындықтары туралы сөз қозғалып, оларды шешу жолдары ұсынылды.

Облыс педагогтері  қалыптастырушы бағалау тапсырмасының (SMART оқу мақсаты, бағалау критерийлері, ойлау дағдысының деңгейлері, тапсырма, дескрипторлар, сындарлы кері байланыс) мәнін ашу үшін әртүрлі тапсырмалар орындады. Тапсырмаларды орындауда қалыптастырушы бағалаудың әдістерін сабақ жоспарлауда қолдану туралы ойларын шағын топта талқылаған облыс педагогтері әрбір оқушының оқу барысында жеткен жетістігін өзге оқушылармен салыстырмай, тек, баланың қабылдау деңгейі мен оның жұмыс істеу қабілетіне байланысты сыни көзқарас нәтижесі арқылы бағаланатын бұл жүйенің әрбір мектепке қажеттілігін атап өтті. 

Жапакова Г.К.,

кафедра аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.