«Өрлеу» БАҰО акционерлік қоғамының 2018-2022 жылдарға арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» Республикалық жобасы мен «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын  жүзеге асыру аясында, 2019 жылдың 2  ақпаннан – 17 мамыр арасында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарға сай,  «Туған өлкеге қосқан үлесім» тақырыбында

ОБЛЫСТЫҚ АКЦИЯ  өткізеді.


 

Облыстық акцияны өткізу ЕРЕЖЕСІ

 

Негізгі миссия: Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» (2017), «Ұлы даланың  жеті қыры» (2018) атты  мақалаларының негізгі идеяларын жүзеге асыру.

Акция мақсаты – білім беру саласында өз өлкесінің дамуына  үлесін қосқан педагогтардың зерттеулерін,  ізденістерін,  жетістіктері туралы мұрағаттар қорын жинақтау.

Акцияға білім беру саласының барлық педагогтар қауымы қатыса алады.

І. Акция бағыттары:

1.Туған өлке шежіресі (бұл бағытта өзінің туған ауылының тарихын, тарихи атауларын және өз өлкесіндегі білім саласына үлес қосқан педагогтар туралы деректемелер, альманахтар жинақтау )

2. Туған өлке экологиясы (бұл бағытта әр алуан минералды шикізаты бар, таза экологиялық қоры мол демалыс орындары туралы видеоконтенттер, видеотаспалар және географиялық суреттемелі картасын жасау)

3. Туған өлке табиғаты (бұл бағытта өз өлкесі табиғатының классификациялық макетін модельдеу, жылжымалы паркинг жасау)

4. Туған өлке  педагогикасы (педагогтар ұрпақтары туралы мәліметтер қорын жасақтау, «Қалдырған ізің мәңгілік» суреттемелі баннерлер жасау)

ІІ. Акцияның өту барысы:

Қатысушы аудандар акция бағыттарын өздері таңдайды (1-уін немесе 2-уін)  жинақталған жұмыстардың жетістіктері  2019 жылдың 01 мамырына  дейін облыстық ұйымдастыру комитетіне тапсырылады.

3.  Облыстық кезең:  2019 жылы 17 мамырда институт базасында өтіледі.

Акцияның таңдалынған бағыттарында  қатысушылардың  материалдары (деректемелер, суреттемелер,  альманахтар,  видеоконтенттер,  видеофильмдер,  карталар, макеттер, модельдер,  мәлімет қорлары) институттың  «Облыстық педагогикалық  музей» қорына орналастырылады.      

ІІІ. Акцияға қатысушыларды  марапаттау

Акция қортындысы бойынша жеңімпаздар «Үздік өлке шежіресі», «Үздік өлке экологиясы», «Үздік өлке табиғаты», «Туған өлкеге үлес қосқаны үшін», «Үздік педагогтар отбасы» номинацияларымен, мақтау қағаздарымен, сертификаттармен, сыйлықтармен марапатталады.

 

Ұйымдастыру комитеті

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.