Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны  Жастар жылы деп жариялаған болатын. Бүгінде жастарды кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып отыр, лайықты кәсіби білім алу үшін барлық жағдай жасалуда.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы аясында 2019 жылдың 25 қаңтар күні колледж базасында «Оқытушының кәсіби шеберлігі – білікті маман даярладың факторы» тақырыбында облыстық  семинар өтті. 

Семинарда колледждің білікті мамандары еңбек нарығына қажетті болашақ маман даярлауда заманауи оқу тренажерлерін қолдана отырып өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ашық тәжірибелік сабақтар көрсетті. Сабақтар оқытудың заманауи әдістері мен стратегияларын пайдалана отырып, жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізілді.

Семинар соңында психологиялық тренинг ұйымдастырылып, рефлексия өткізілді. Қатысушылар Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі оқытушыларына зор алғыстарын білдіріп, жаңа үлгідегі мамандарды дайындауға бағытталған міндеттерді жүзеге асыруда табыс тіледі.

 

Утаров Б.С.,

академиялық бөлім басшысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.