«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы қызметінің бір бағыты жастарға қолдау көрсету.

2018 жылдың тамыз айында Халықаралық қайта құру және даму банкінің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Ақтөбе облысындағы Жастар корпусын дамыту жобасы іске қосылды. Жобаға 14 жастан 29 жасқа дейінгі (оқушыларды қоспағанда) жастар қатысып, қатысушыларға грант және әлеуметтік шәкіртақылар ұсынылды. Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша менторлармен оқыту тренингтері жүргізілді. Жобаның сараптаушысы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Филиалы АО ПКБАИ директоры, ф.ғ.к. Н.М.Абишева және бөлім маманы Л.Л.Отарбаева менторлық қызмет атқарды.

Ақтөбе облысында 163 әлеуметтік гранттың жүзеге асырылу қорытындысы ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Жастар корпусын дамыту жобасының өңірлік форумында көрсетілді.

Форум жұмысына гранттар иелері, менторлар, өңірлік үйлестірушілер, Үйлестіру агенттігінің басшысы, Ақтөбе қаласының әкімі, Мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Аймақтық үйлестіруші Құралай Базарбайқызы Байменова мотивациялық сөз сөйлеп, аталған жобаның алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде көрсеткен жауапкершілігі мен табандылығы үшін форумның барлық қатысушыларына алғыс білдірді.

 

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы «ZhasProject»  жоба қатысушыларына  жеңіс тілейді:

Арманда! Ұсыныс! Іске асыр!

  

Ж.К.Матсалаева,

бөлім маманы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.