2019 жылдың 31 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы  ПК БАИ жоспарына сай «Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу жағдайында педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырудағы әдістемелік орталықтың ролі» тақырыбында он-лайн режимінде облыстық семинар өтілді.

Ғылыми -әдістемелік қызметтің негізгі мақсаты - педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.

Семинарда «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорының орынбасары, п.ғ.к. Н.К.Кибатаева, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.Қ.Қаплиева, Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласы бойынша филиалының директоры -Т.А.Акимова, Хромтау ауданы, Хромтау№6 гимназиясы, - директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Т.Ешкеева, Ақтөбе қаласы, Новый орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Абжалелова, Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Ж.Ж.Есенжолова жаңартылған білім беру жүйесіне көшу жағдайында педагогтардың кәсіби құзырлылығын көтеру және шығармашылық іскерлігін жетілдіру мақсатында ғылыми-әдістемелік қызметті жетілдіруді  жүзеге асырудағы өз идеяларымен бөлісті.

Семинарда, кітапханалық дайджестте институттың қызметкерлері шығарған әдістемелік құралдар мазмұнына шолу жасалды.  Қатысушылар үшін ашық микрофон ұйымдастырылып ұсыныс пікірлері мен ой бөлісті. Он-лайн семинар жұмысына барлығы 70-тен аса облыстың білім беру салаларының мекемелері тікелей байланысқа шықты. Семинар соңы әдістемелік ұсыныс қабылдаумен қортындыланды.     

Каплиева А.К.,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.