Құрметті әріптестер!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру және Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекесіне орай  2019 жылдың 4-28 ақпан аралығында білім беру жүйесі кітапханашыларына арналған «Өзіңмен мақтанамын, Актөбе» атты облыстық онлайн-конкурс өткізеді. Сайыс мақсаты - оқушылардың бойына  өзінің өскен өлкесіне, ауылына, қаласына, оның тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарауға үндейтін шынайы патриотизмді қалыптастыру.

Сайысқа кітапханашылардың Ақтөбе қаласының тарихына, туған жерге арналған жұмыстар: кітап (виртуалды) көрмесі, буктрейлер, ғылыми жоба, әдеби-музыкалық шаралар т.б. қабылданады.

Сайысқа қатысуға  өтініш пен конкурс материалдарын   Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. электронды поштасына 2019 жылдың 28-ші ақпанына  дейін жібере алады.

Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz  сайтында  жарияланады.

Сайыс жеңімпаздары марапатталады.

Байланыс телефондары: 8(7132)245414; 87023924131

 

Ұйымдастыру комитеті


 

«Өзіңмен мақтанамын, Актөбе»  атты

облыстық онлайн-сайыстың

ережесі

 

1. Жалпы ереже

1.1.«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Өзіңмен мақтанамын, Актөбе» облыстық онлайн-сайысы (бұдан әрі - Конкурс) өткізіледі.

1.2. Бұл Ереже сайыстың өткізілу тәртібін, сайысқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптарды, сайыс қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды.

2. Сайыстың мақсаты және талаптары 

2.1. Сайыс мақсаты:

 

  • оқушылардың бойына  өзінің өскен өлкесіне, ауылына, қаласына, оның тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарауға үндейтін шынайы патриотизмді қалыптастыру.
  • көркем және танымдық әдебиеттерді оқу дағдыларын дамытуға бағытталған кітапхана жұмысын белсендендіру, сауатты оқырман мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал ету;
  • білім беру орындарының кітапханаларының инновациялық тәжірибесін анықтау және тарату;
  • білім беру ұйымдарың кітапханашыларының педагогикалық рөлін өзектендіру.

2.2. Сайыс міндеті:

  • облыстағы кітапханалардың озық инновациялық тәжірибесін, шығармашылық жобаларды зерделеу, алға жылжыту, жаңашыл шығармашылық жобаларды ынталандыру;
  • кітапхана мамандарының кәсіби дағдыларын жетілдіру, олардың шығармашылық қызметін ынталандыру;
  • қоғамдағы кітапхана мамандығының әлеуметтік қажеттілігін, мәртебесін көтеру.

3. Сайыстың өткізілу тәртібі

3.1. Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын қазақ және орыс тілдерінде жібере алады.

3.2. Сайысқа қатысуға өтініш пен конкурс материалдарын электронды түрде 2018 жылдың 4 - 28-шы ақпанына дейін жібере алады.

3.3.Бекітілген уақыттан кейін жіберілген конкурстық жұмыс қабылданбайды.

3.4.Ұйымдастыру комитетінің функциясы:

- сайысты ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- сайыс жұмыстарын қабылдау;

-ереже талаптарына сай келмейтін сайыс жұмыстарын қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығару;

- сайыстың талаптарға сай өтуін қадағалау;

3.5. Сайыс жеңімпаздарын ұйымдастыру комитетінің мүшелері анықтайды.

3.6. Сайысқа қатысу сайыс талаптарына келісетіндігін білдіреді.

4. Сайыс материалдарын рәсімдеу талаптары :

4.1 Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі:

1) «Мерейтойыңмен, сүйікті қалам Ақтөбе!» - 2019 жылы мерейтойын атап өтетін ескерткіштер, естелік орындары туралы, Ақтөбе облысының елді мекендері туралы материалдар: 150 жыл - Ақтөбе.

2) «Менің атақты отандастарым» - сіздің қалаңыз, аудан, облысыңызда туылған, өмір сүрген немесе қандай-да бір түрде байланысқан ғалымдар, композиторлар, суретшілер, педагогтар туралы материалдар.

3) Оқитын өлке –Ақтөбе! - Ақтөбелік ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында өткен  шаралар.

5. Бағалау өлшемдері

- өзектілігі;

- материалдардың мазмұнын білім беру міндеттеріне, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі;

- конкурстық тақырыбын қамту;

- тақырытың ашылу деңгейі: сауаттылғы, айқындығы, толықтығы, мақсатқа сәйкестігі;

- конкурстық жұмыстардың дизайны (түстері, бірыңғай стиль, визуалды эффектілер);

- конкурсқа қатысушылардың кәсіби шеберлігі, эрудициясы, шығармашылық жұмысының жоғары деңгейі.

6. Марапаттау

6.1.Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ  http://www.aktobe-orleu.kz жарияланады.

6.2. Интернет-сайыстың жеңімпаздары марапатталады.

                                                                                                Ұйымдастыру комитеті

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.