2019 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің жас ұрпағына арнап «Жастар жылы» деп жарияланды. Бүгінгі күні жастарды жан-жақты қолдау филиалдың білім беру саясатының басымдығы болып табылады. «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалы жауапты және білімді жас мұғалімдерді оқыту бойынша нақты бастамаларды іске асыру мақсатында Ақтөбе жастар ресурстық орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ақтөбе қаласындағы жастар ресурстық орталығымен Ынтымақтастық Меморандумның  негізінде биылғы жылдың 2 ақпанында Ақтөбе облысының жастары қатысқан «Біз бірге күштіміз» жобасының басталуы туралы жарияланды.  Жұмыстың мақсаттары, міндеттері мен мазмұны анықталды. Жоба шеңберінде волонтерлер тренингтік оқыту формасында оқытылады.

Оқу курсы теориялық және практикалық мәселелерді қамтитын 3 айға есептелген, соңында қатысушылар тиісті үлгідегі сертификат алады. Жобаға қатысу жастардың өзін-өзі жүзеге асыруға, қойылған міндеттерді орындауға септігін тигізеді.

Сіздерге жаңа идеяларды іске асыруда табыстар тілейміз!

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.