2019 жылы 28  қаңтар мен 08 ақпан   аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  жоспарына сәйкес  Хромтау ауданы № 3 орта мектеп базасында  «Қазақстан Республикасының  бастауыш білім берудің жалпыға міндетті   мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында   бастауыш сынып мұғалімдерінің  кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»  тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін  арттыру курсы өткізілуде.

Курс мақсаты: жаңартылған білім мазмұны жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Міндеттері: жаңартылған білім беру бағдарламасының табысты іске асырылуына көмектесу, белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану дағдыларын өзектендіру.

Курс аясында  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында  педагогтардың акмеологиялық мәдениетін жетілдіру жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум  ұйымдастырылды. Аталған шара   барысында Хромтау ауданы №6 мектеп гимназиясының мұғалімдері Г.Т. Суюндикова,Ж.Ж. Жуминова, Г.С. Биржанова,  Сарысай орта мектебінің мұғалімі  Б.А.Аманбаева, Көктау орта мектебінің мұғалімі О.К. Мырзабаевалар  коучинг, шебер сынып, тренингтер өткізіп,  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Рефлексия барысында қатысушылар семинар-практикумның  мазмұнды және тәжірибелік деңгейде өткізілгенін айта келе, мұғалімдердің оқу процесін ұйымдастырудағы шығармашылық көзқарасы, саралау әдістерінің мәні, олардың жіктелуі,  педагогтардың кәсіби кемелденуінде  АКМЕ шыңға жетуге бағытталғандығын атап өтті.

Шаштыгарина С.М.,

кафедраның аға оқытушысы

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.