Балаға  мектепке дейінгі жастан  бастап өз аймағының, өз елінің тарихын үйрететін болсақ,  болашақта өз мемлекетінің саналы  азаматы болып өсуіне мүмкіндік береді.

Ақтөбе қаласының 150- жылдық мерей тойына орай «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Ақтөбе облысы бойынша ПҚБА институты мен мектепке дейінгі ұйымдар  арасында балаларды отан сүйгіштікке, өз қаласы  туралы білімдерін  тереңдетуге, өз қаласына  деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу мақсатында бірнеше  іс-шаралар жоспарланды. 

7 ақпан күні  № 21 «Кәусар бұлақ» МДҰ «Өсе бер, өркендей бер құтты мекен Ақтөбе» атты семинар ұйымдастырылды.

Тәрбиешілер Жумагалиева М, Кулмурзина Р,  «Коммуникация» және «Шығармашылық» білім беру саласын  біріктіріп, қаланың қалыптасу тарихын қамтитын оқу қызметін  көрсетсе,  Ермұханбетова Б. Шоқатова Ж. орыс, ағылшын тілдерінде  мектепалды даярлық топ балаларымен ертегіні сахналады

Семинар соңында қатысушылар барлық сабақтардың қызықты және мазмұнды өткенін  атап  айтып,  ұйымдастырушыларға білім беру үдерісіне шығармашылық көзқарас үшін алғыстарын жеткізді.

 

Букенова С.С., Култаева Л.А.,

кафедра аға оқытушылары

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.