"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ директордың орынбасары, п.ғ.к., ғылыми жетекшісі Н. Кибатаеваның   "Акмеологиялық орта - педагогтардың интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін табысты дамытудың негізі" атты тақырыбында Ақтөбе қаласының 5 орта білім беру ұйымдарының педагог-эксперименттатор шығармашылық топтары тақырыпты  зерттеді.

Мектептің, сыныптың акмеологиялық ортасы дегеніміз не? Педагогтардың интеллектуалды -шығармашылық әлеуетін дамытудың акмеологиялық негіздері неде? Осы және басқа да мәселелер бойынша Ақтөбе қаласындағы № 15 орта мектепте институттың эксперименталды алаңы талқыланып, облыстық семинар өткізіліді.

Семинар теоретиклық және практикалық екі бөлімнен тұрды. Мектеп директоры Н.Ж.Байниязова өз сөзінде мектепте барлық субъектілерде жеке тұлға мен социумды дамытуға қажетті кәсіби табыс, жоғары жетістіктер туралы түсінік қалыптастыру және дамыту үшін орта( жағдай) құру бойынша ғылыми-әдістемелік шаралар қабылданғанын атап өтті.

Мәселенің теоретиклық және практикалық аспектілері ғылыми жетекшімен талқыланып, "Педагогтың кәсіби және тұлғалық өсуі" тренингінде талқыланды, оның модераторы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектептің эксперименттік алаңының жетекшісі Ж. М. Маканова болды.

Сабақтың инновациялық галереясын гуманитарлық пәндер  мұғалімдері: Тукешева И. Ж., Сабанбаева А. Ж.,Мусаева Ж. М., Естурина Р. Б., Қанаева Б. Е ұсынып,  оқушылардың зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу бойынша барынша қолдау көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Семинар қорытындысы бойынша мектеп психологы А. Б. Избасарова "Көбелек сыры" жалпы рефлексиясы кәсіби шеберлік АКМЕ-ге ұмтылатын педагогтардың кәсіби қызметінің өзіндік талдауына, мамандықтың өзін-өзі жетілдіруге бағыталды.

Семинарға қатысушылар мектеп ұжымына семинар бағдарламасын жүзеге асыру, шығармашылық әдіс – тәсілдері үшін үлкен алғыстарын білдіріп, қойылған мақсатқа-оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық АКМЕ-ге қол жеткізу бойынша шабыттандырып,  шығармашылық  жұмыс тіледі.

 

                                   Куканова Ж.М.,

жетекші  маман, магистр

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.