“Өрлеу” БАҰО Ақтөбе филиалы 2019 жылдың 12 ақпан күні Ақтөбе политехникалық колледжімен бірлесіп, «Жаңа әліпби – ұлт болашағының негізі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізді.

Семинарға облыстың білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары, ЖОО-ның ғалымдары, арнаулы оқу орындарының студент жастары қатысты.

Шара барысында жаңа қазақ әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, жаңа емле-ережелерді оқыту мазмұны талқыланды.

Теориялық бөлімде латын қарпінде сөздердің жазылудағы грамматикалық ерекшеліктері айтылып, латын әліпбиіне көшудің тарихи тағылымы мен өркениетке ілесудегі ілгерінді сипатына ғылыми тұрғыдан талдау жасалды. Латын әліпбиіне көшуді табысты жүзеге асыру жолындағы мәселелері жөнінде Қ.Жұбанов атындағы АМӨУ теория және практикалық тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Н.Ә.Сәдуақас баяндама жасап, келелі ойларымен бөлісті.

Практикалық бөлімінде тіл мамандары латын әліпбиі туралы орамды ойларын айтып, өзіндік тұжырымдарын ортаға салды.

Семинар қазақ әліпбиіне қатысты ойларымызды байыта түсіп, жаңа қазақ әліпбиіне көшудің біз білуге тиіс қыр-сырларына бойлады.

 

М.Т.Адилханова

аға оқытушы, магистр

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.