“Өрлеу” БАҰО Ақтөбе филиалы 2019 жылдың 14 ақпан күні  Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжімен бірлесіп, «Ұлы даланың рухани мұрасы-білім мен тәрбиенің бастауы» тақырыбында облыстық  семинар өткізді.

Семинарға  облыстың білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары қатысты.

Семинар  барысында  Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш екендігін насихаттау барысында түрлі іс-шаралар жүргізілді.

Сан ғасырлық рухани құндылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру бойынша озық тәжірибелермен бөлісу мақсатында жоғары санатты  шебер педагогтар ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарын өткізді.

«Жаралған жан дүнием – ізгі өлеңнен ...» жас ақындармен кездесу,  «Мұқағали поэзиясы - рухани құндылықтың қайнар көзі» тақырыптарында поэзиялық кеші қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Семинар қатысушылардың тарапынан жоғары бағаланды.

                                                                                              М.Т.Адилханова,

аға оқытушы,  магистр

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.