“Өрлеу” БАҰО” Ақтөбе филиалының  жоспарына сәйкес ағымдағы жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Колледжде білім мазмұнын жаңғыртуда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар-тренинг өтті.

Семинарға  облыстың білім беру ұйымдары мен  техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары қатысты.

Семинар жұмысы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасуға бағытталды. Колледж жағдайында жаңартылған білім беру мазмұны аясында түрлі іс-шаралар жүргізілді.

Колледж оқытушылары ашық сабақтар мен тренингтер өткізіп,практикалық тұрғыдан жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жақтарын көрсетті. Семинар соңында қатысушылар семинардың өзектілігін, оның практикалық маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

М.Т.Адилханова,

аға оқытушы,  магистр

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.