«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалының Операциялық жоспары бойынша 2019 жылдың 20 ақпанында Ақтөбе облысы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру институты «4К моделі: мұғалімнің кәсіби дағдыларын дамыту жолында» тақырыбындағы  республикалық пікірталас алаңын  онлайн  режимінде  өткізді.

Шараның мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында 4K моделін зерделеудің өзекті мәселелерін талқылау және мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамытудың стратегиялық бағыттары мен даму болашағын анықтау болып табылады.

Фокус-топтардың жұмысына Ақтөбе облысының педагогтері, облыстық білім беру ұйымдарының әдіскерлері, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Астана, Батыс Қазақстан филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен тренерлері белсене қатысты.

Пікірталас алаңына қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:

- білім берудегі 4 К модель үлгісі: теориядан тәжірибеге;

- білім беру білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтың білім беру тәжірибесіндегі  4 К модель үлгісі;

- 4K моделін жүзеге асыру бойынша біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытудың тиімді жолдары;

-4 К модель үлгісі педагогтың ғылыми-зерттеу жұмысында.

Педагогикалық алаңның қрытындысы бойынша әдістемелік ұсыным қабылданды.  Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

 

Матсалаева Ж.К.,

жетекші маман

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.