2019 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен меморандумға сәйкес жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. 

Семинар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы Р.Медетов, қоғамдық кеңес мүшесі К.Ахметов, имам Н.Смагулов, оқушы Д.Сейтова және институт қызметкерлерінің, курс тыңдаушыларының қатысуымен өтті. Департамент басшысы Р.Медетов кіріспе сөз сөйлеп, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған қарсы күрес жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, облыс көлемінде үлкен іс-шаралар өткізілгендігін атап өтті. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық жайында деректі бейнефильм көрсетілді. Семинарда институт директорының орынбасары А.Аймукатов тақырып жөнінде өз пікірін білдірді. 

Департамент басшысы Р.Медетов, қоғамдық кеңес мүшесі К.Ахметов, имам Н.Смагулов семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, нақты мысалдар келтірді. Семинар өз мақсатында өткізілді.      

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.