ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттауда «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында «Парасаттылық мектебі» жұмысы бастау алды. «Адал ұрпаққа – адал білім беру» қағидатын негізге ала отырып, педагогтер мен білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытындағы нәтижелі тәжірибелерін бағалау арқылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ курс тыңдаушыларымен алғашқы сабағы өткізілді. Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау негізінде директордың орынбасары п.ғ.к., А.Аймукатов және бас маман, заңгер Ш.Сейітманбетов презентация жасап, слайдтар көрсетілді. «Педагогтер үшін өскелең ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасатылық қасиеттерін дәріптеуде «Парасаттылық мектебі», «Ақтөбе – адалдық алаңы» бұл маңызды бастама» екендігін курс тыңдаушылары атап өтті. Негізгі мақсаты: жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.

Ш.Сейітманбетов,

бас маман, заңгер

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.