ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттауда «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары мен заң талаптарын облыс педагогтеріне түсіндіру семинары өтті.

Семинардың мақсаты: жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу, адалдықпен өмір сүруге, жемқорлықты түбегейлі жоюға тарту арқылы парасаттылық мәдениетін қалыптастыру шараларына бағытталды.

Аталған семинар аясында институт бас маманы, заңгер Ш.Сейітманбетов парасаттылық білім беру аясында слайдтар көрсетіп, заң талаптарына түсіндірме жасады.

Ш.Сейітманбетов,

бас маман, заңгер 

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.