Ағымдағы жылдың 14 қараша күні «Ақтөбе-Өрлеу» институтының ұйымдастырумен №47 "Нұр-Ай" МДҰ  базасында  мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған педагогикалық алаң өтті. Семинарды институттың сертификатталған тренері С.С.Букенова мен №47 "Нұр-Ай" МДҰ  меңгерушісі Н.И.Балмагамбетова құттықтау сөзбен ашып, тыңдаушыларды іс-шараның мақсатымен таныстырды. Семинар барысында "Нұр-Ай"  мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері  А.М.Сапаров мен А.Т.Дәрменова жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметі туралы таныстырып,  Г.С.Әбдірзақпен  В.М.Таухабаева балаларды  өрт қауіпсіздігінің ережелері мен оттың пайдасы мен зияны туралы, өрт кезіндегі балалардың өзін - өзі ұстау ережелері туралы түсіндірді. Сондай-ақ, М.Б.Аппазова, А.Ж.Табынбаева, П.О.Бижанова, Г.А.Сариева, А.М.Калыбаева, К.Б.Мирманова, К.Б.Нурымбетова, Г.О.Айзолдина, Г.Ж.Әби, Ж.Қ.Дүйсіова, М.Б.Наурзалина-Булекбаевалар   шебер-сыныптар, танымдық, іскерлік ойындар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар семинардың мазмұндылығы мен тәжірибелік маңыздылығын атап өтті. Ақтөбе қаласының  №47 "Нұр-Ай" МДҰ  ұжымына семинарды сәтті және кәсіби шеберлік түрде ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіреміз!!! 

Куканова Ж.М.

PR, SMM-маман

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.