ИГЛИКОВА КЛАРА САРСЕНБАЕВНА - «Үздік педагог - 2012»

Ақтөбе қаласы  № 29 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

2012-2019 жылдар арасында  облысымыздан  35 педагог жеңімпаз атанды. Оның ішінде  жалпы білім беретін мектептердің 27 мұғалімі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 8 оқытушысы үздік деп танылды. 

Ұстаздар туралы халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы: «Болашақтың басшысын да,  данасын да, ғалымын да,  еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»,-деген екен. Ендеше республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, облысымыздың жаңашыл педагогтары осындай тұлғалар!

Игликова Клара Сарсенбаевна - Ақтөбе қаласындағы №29 орта мектебінің тарих пәнінің жоғары санатты педагог-зерттеушісі, облыстық шеберхана жетекшісі, «Үздік педагог - 2012» республикалық байқауының жүлдегері.

«ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстанның үздік педагогы -2012» республикалық байқауының жеңімпазы, Американдық Университетінің Ағылшын тілі институтының тіл білімі бөлімінде «тілді оқытудағы сыни ойлау»  тақырыбы бойынша курсын   Орегон (АҚШ) оқыған, АҚШ білім департаментінің стипендиаты. Еуразия және Оңтүстік Азия елдерінің орта мектептері мұғалімдерін оқыту шеберлігін жетілдіру бағдарламасының (TEA) жеңімпазы. АҚШ-та Небраска, Линкольн университетінде тағылымдамадан өткен. Тарих жөніндегі оқулықтардың авторларына арналған «Орталық Азия елдерінде білім беру» халықаралық неміс-қазақстандық жобасының стипендиаты, Германияда тағылымдамадан өткен. ACCELS халықаралық байқауының аймақтық финалисті, грант иегері,  Республикалық авторлық бағдарламалар байқауының жүлдегері, «Білім берудегі үздіктер» атты халықаралық энциклопедиясына  енген. Көптеген оқулықтардың авторы.

 

ПЕННЕР НАТАЛЬЯ АЛЕКСАНДРОВНА - «Yздiк педагог - 2013»

Заведующая кафедрой английского языка, учитель английского языка КГУ «Средняя школа - лицей №23» г. Актобе. 

 

«Почётный работник образования Республики Казахстан», дипломант I степени в номинации «Педагогическая слава» международной энциклопедии. Обладатель званий: «Лучший учитель Казахстана - 2012», «Человек года Актюбинской области - 2015», «Лучшие в образовании». «Национальный победитель Казахстано - Американского конкурса учителей английского языка - 1999», наградой в котором стала стажировка в США. Обладатель грантов Посольства США, Британского Совета при Посольстве Великобритании в Республике Казахстан. Неоднократный призёр городских, областных, международных олимпиад, конкурсов по английскому языку. Победитель областного марафона в номинации «Лучший учитель области - 2009, 2010», «Лучший классный руководитель области - 2011». Награждена почётными грамотами, благодарственными письмами Министерства образования и науки Республики Казахстан, Народно - Демократической партии «Нұр Отаң», Корпуса Мира США, Британского Совета при Посольстве Великобритании в Республике Казахстан, Посольства США в Республике Казахстан, Актюбинского Областного Управления Образования, Актюбинского филиала АО «НЦПК «Өрлеу»». 

Считает, что главная награда учителя - благодарность его учеников. 

Принцип её жизни – добившись цели, ставить себе новую и реализовывать ее.

САЛИШ САЛТАНАТ САЛИШЕВНА – «Yздiк педагог - 2013»

Ақтөбе қаласындағы №72 жалпы білім беретін IT мектеп-лицейінің директоры, п.ғ.к. 

2013 жылғы «Үздік педагог» республикалық байқауының жүлдегері. Жалпы білім беретін мектептердің 2, 3, 4 сыныптарының дүниетану пәні бойынша оқу-әдістемелік жинақтың бірлескен авторы. «Ақтөбе облысының үздік мұғалімі», «Үздік авторлық бағдарлама», «Үздік интерактивті сабақ», «Бастауыш сынып мұғалімінің үздік сайты», "Үздік цифрлық білім беру ресурсы» облыстық байқаулардың гран-при иегері. Әр түрлі деңгейдегі кәсіби конференциялардың белсенді қатысушысы, кәсіби басылымдарда өзінің педагогикалық зерттеу нәтижелері үнемі жарияланып отырады. Бірнеше жыл шығармашылық мұғалімдер порталында жұмыс істеді (http://it-n.ru). Порталда цифрлық білім беру ресурстарын flash ортасында құру кезінде объектілік-бағыттауға бағдарланған AS 2.0 бағдарламалау тілін меңгеруші педагогтерге үйрету мен қолдау жасады. Әрбір оқушы, әрбір әріптесі Салтанат Салишевна туралы жоғары моральдық және іскерлік қасиеттері бар адам ретінде мақтанышпен айтады.

 

ҚОҢҚАБАЕВА ГҮЛСІМ ҚАРАТАЕВНА - «Үздік  педагог - 2013»

Ақтөбе қаласы № 15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«ҚР Білім  және  ғылым  министрінің  білім  беру  мекемесінің   үздік  педагогы »  төс белгі иегері, жоғары біліктілік  санатта, «педагог-зерттеуші», I «ілгері» деңгей бағдарламасы  бойынша  сертификатталған  Конкабаева Гүлсім  Қаратайқызының жетістіктерін ұсынамыз. Халықаралық «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясына және  республикалық «Дарынды балалар –Қазақстанның болашағы» энциклопедиясына шығармашылық жетістіктері бойынша  енген.Педагогикалық шеберлігі мен  шығармашылық  жетістіктері  бойынша  ҚР Білім және ғылым министрінің  Құрмет грамотасымен марапатталған. Республикалық «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» жинағына ҚР білім беру мекемесінің үздік қызметкері  атымен Г.Қ.Конкабаева  енгізілді.Халықаралық ,республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға бірнеше рет  қатысып, мақаласы  жинаққа енді.Халықаралық XIV пәндік олимпиадада кезінде  «Олимпиада жаршысы » газетінде шығармашылық топта белсене жұмыс жасап,өз үлесін қосты. Оқушылары  Халықаралық  Қ.Бітібаеваның  атына  өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадасында  Т.Жаноразов    Бас жүлдеге ие болды.Гүлсім  Қаратайқызы   республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы өткізген «Үлгілі сабақ», «Жаңа педагогикалық идеялар», республикалық педагогтар арасында ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Менің Президентіме менің тілектерім»тақырыбындағы эссе байқауына қатысып, I дәрежелі дипломға ие болды.Республикалық  он-лайн  режимінде  8 «Ә»класында қазақ әдебиетінен «Қорқыт атаның нақыл сөздері»тақырыбында жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді  пайдалана отырып кіріктірілген  сабақ өткізді. Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген «Педагогикалық Олимп»атты педагогикалық идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде, «Жаңашыл педагог-2015» ,  «Ғылыми жұмыс методологиясын  игеру-инновацияға жетудің  бір бағыты » байқауларында  шығармашылық және педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсеткені үшін I дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар ізденімпаз, шығармашыл ұстаз  Гүлсім  Қаратайқызының  республика,облыс  көлемінде        10 әдістемелік көмекші құралдары жарық көрді. Облыстық деңгейде «Эссе-шығармашылық ойдың жемісі» тақырыбында 5-11 кластарға арналған элективтік курс бағдарламасы  және  «5,6,7,8 кластарға арналған қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар жинағы» тақырыбында  10 әдістемелік көмекші құралдары  жарық   көрді.Оқушылары   халықаралық Қ.Бітібаеваның  атына өткізілген қазақ  тілі мен әдебиеті  олимпиадасында Бас жүлдеге,   республикалық КИО  олимпиадасында  10 оқушысы жүлделі I дәрежелі дипломға ие болды . Талантты және дарынды  оқушылары   республикалық «Қазақстанның үміт артарлары» жинағына ҚР-ның алдыңғы қатардағы оқушылары атымен   15 оқушысы жинаққа  енгізілді. Республикалық   шығармашылық   байқауларда 22 оқушысы  I дәрежелі дипломға,республикалық    «Ең үздік ғылыми жоба» конкурсында 10 оқушысы I дәрежелі дипломға және республикалық КҒА-ның ғылыми жобалар байқауында 10 оқушысы жыл сайын қатысып, I дәрежелі  дипломмен марапатталған. Халықаралық,республикалық,облыстық,қалалық пәндік олимпиадаларда  оқушылары бірнеше рет жүлделі II, III орынға ие болған .

МАКАРОВА ЕЛЕНА ГЕННАДЬЕВНА - «Үздік  педагог - 2013»

№17 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары

Директор орынбасарларына арналған «Білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен басқарудағы заманауи тәсілдер» атты шығармашылық шеберхана жетекшісі. «STEM білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» облыстық эксперименттік жобасының модераторы. Ұлттық тестілеу Орталығының физикадан тұрақты сарапшысы және әзірлеушісі болып табылады. Педагог оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге үлкен үлес қосты. Ол «Физика есептерінің шығару жолдары», «Physics in Eglish», «Practical Physics» авторлық оқу бағдарламаларын әзірлеп, тәжірибеге енгізді. Авторлық бағдарламалары республикалық және облыстық байқауларда дипломдарға ие болды. Бірнеше оқу-әдістемелік құралдарының авторы болып табылады. Физиканы ағылшын тілінде оқыту жөніндегі авторлық нұсқаулықтары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетістікті тәжірибелерді жүйелендіру негізінде ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша материалдар жинағына енгізілді. Педагог жоғары кәсіби деңгейімен, өз ісін меңгере білуімен, қабылдайтын шешімдерінің жүйелілігімен ерекшеленеді.

КОРШИКОВА ЕЛЕНА НИКОЛАЕВНА – «Yздiк педагог – 2013»

Учитель физической культуры высшей категории ГУ СШГ № 9 г. Актобе

Является обладателем званий: "Лучший педагог РК" 2013г, "Мастер спорта РК" по Президентскому многоборью, "Национальный судья РК" по Президентскому многоборью. Активно занимаюсь спортом, выступаю в соревнованиях. Являюсь двукратным чемпионом Мира по Полиатлону, многократным Чемпионом РК по Президентскому многоборью. Воспитала победителей и призеров областных соревнований по Легкой атлетике и Президентскому многоборью. Веду методическую работу, провожу и участвую в семинарах, конференциях, мастер-классах международного, республиканского, областного масштаба.  

НУРБАЕВА МИРАМГУЛЬ КЫДЫРБАЕВНА – «Үздік педагог - 2013»

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық  дарынды  балаларға арналған   мамандандырылған мектеп-интернатының география пәні мұғалімі

Таңдаған мамандығы қоғамдағы ең қиын да қажетті мамандықтардың бірі. Ол талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ  басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық.  Өмірде өлшенбейтін іс- балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім»,-демекші, кәсіби даму жолымдағы жетістіктерім: республикалық ҰТО-ның тұрақты әзірлемшісі және сарапшысы, география пәні бойынша ұйымдастырылған облыстық «ШЫҢ» шығармашылық шеберханасының жетекшісі, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері,  «Өлкетану. Ақтөбе облысы» оқулықтың «География» бөлімінің авторы болуы сапалы білімге жол ашады. Бала-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік.  «Ұстаз –ұлылық, шәкірт-мәңгілік» деген сөз де осыған орай айтылса керек.  Ұстаз білімі бүгінгі таңда тек өзі арқылы ғана емес, шәкірті арқылы  да сыналмақ. Мұғалімнің бүкіл мақтанышы-шәкірттерінде.  Оқушыларының  шығармашылық жетістіктері: география пәні бойынша  облыстық, республикалық  олимпиаданың жеңімпаздары: Асабай Азамат, Ахат Еркебұлан,Төлеген Сымбат, Төлегенова Жаңылсын, республикалық  ғылыми жобалар қорғау сайысының жеңімпаздары: Абдоллақызы Амина, Анес Алтынай, Умирали Асылжан,  Сисенбаева Гулсана, Шарухин Алан, Грамота, Ербол Ержан, Есенжолова Айшабибі. Үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек нәтижесінде Облыс әкімінің Алғыс Хатымен, Ақтөбе облыстық кәсіподағының Құрмет грамотасымен, Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО-ның Алғыс Хатымен,  АОҒТО-ның Алғыс хатымен және Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Ұстаздық еңбек жолыНда шәкірттеріНе сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін әлі де алынбаған асулары алда. Үміт пен сенімді серік етіп, іздену мен еңбектенуден талмайды. 

ТЮЛЕМИСОВА ГАЙНИ САЙНГАЛИЕВНА - "Yздiк педагог - 2013 "

Учитель казахского языка и литературы в русских классах

Образование - высшее. Закончила Уральский ордена "Знак Почета" педагогический институт имени А.С.Пушкина. Педагогический стаж - 28 лет. Победитель республиканского конкурса "Лучший педагог - 2013 года", награждена денежной премией в размере 1731000. Обладатель медали "Лучший педагог".

САНГАЙЛО ТАМАРА НИКОЛАЕВНА - «Yздiк педагог - 2014»

Учитель химии Петропавловской средней школы Каргалинского района Актюбинской области.

Руководитель первой областной сельской творческой лаборатории учителей химии.  Тема: ОРГАНИЗАЦИЯ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ РАБОТЫ УЧАЩИХСЯ Победитель областного конкурса проектов «Школа Казахстана 2020». Участница первого республиканского съезда учителей химии и биологии.

Занимается научно-исследовательской деятельностью. Является руководителем научных проектов учащихся. С 2000 по 2019г. подготовила к защите более 30 проектов, которые были представлены ее учениками на конкурсах «Зерде», «Дарын» и МАН. 

Награждена грамотой Министра образования Республики Казахстана. Победитель республиканского конкурса «Yздiк педагог - 2014».

Тамара Николаевна – постоянная участница областных семинаров, имеет публикации в областных методических изданиях, автор нескольких методических пособий. В 2018 году в качестве соавтора участвовала в создании методического пособия «STEM технология как глобальная тенденция развития современного образования». 

Окончила курсы по образовательной программе «Разработка и экспертиза заданий для оценивания по предмету «Химия» в рамках обновленного содержания образования РК»

 

ХОДЖАНИЯЗОВА ЖАНАТ ТОГАБАЕВНА - «Yздiк педагог – 2014»

Преподаватель экономических дисциплин Актюбинского Высшего политехнического колледжа

Победитель Международного методического проекта по теме: «Формирование рынка труда и управление трудовыми ресурсами», который проходил в издательском доме LAP Lambert Academic Publishing, а так же, является автором 2-х учебников одобренных и рекомендованных Министерством образования и науки РК для учебных заведений системы технического и профессионального образования, в 2013 году, стала победителем конкурса на республиканском уровне «Лучший педагог»-2013, и обладателем звания «Лучший педагог»-2013. В ІІ Республиканских Педагогических Чтений по направлению «Инновации и опыт в образовании: вызовы времени»–победила и награждена Дипломом ІІІ уровня. 

СҮЙІНШАЛИЕВА ГҮЛСІМ ҚОЙШЫҒҰЛҚЫЗЫ  - «Yздiк педагог – 2014»

№32 мектеп-гимназияның химия пәнінің мұғалімі

Үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаз талай шәкіртті қанатының астына алып баулыды. Өз шәкірттеріне талап қоя білу, нәтижеге жету жолында талмай, аянбай, еңбек ету- Гүлсім Қойшығұлқызының басты қағидасы. Ол өзінің еңбек қорлығымен, іздемпаздығымен, шыншылдығымен, турашылдығымен нақты істен нәтижеге жетіп жүрген тәжірибелі, өнегелі ұстаз. 

Кәсіби ізденісінің арқасында ұстаздың бірнеше оқу құралының авторы. Республикалық тест орталығында химиядан ҰБТ сұрақтарын тексеру және сараптау құрамында жұмыс жасады.   Жаңартылған білім мазмұны бойынша  республикалық  10-11кластардың химия оқулықтарын танысу және талқылау тобының мүшесі.

Сондай-ақ республикалық ғылыми-педагогикалық басылымдарда  мақалалары мен іс-тәжірибелері жарияланып, халықаралық «Үшінші мың жылдық оқулықтарды: жасау, шығару және тарату» (Алматы)  ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады. Республикалық химия-биология пәні мұғалімдерінің І съезінің делегаты (Өскемен,2012). “Отбасы,мектеп, қоғам- игілікті болашақ  үшін бірге!” Республикалық педагогикалық  форум  делегаты   (2011 жыл,  Астана)

Гүлсім Қойшығұлқызының іс-тәжірибесін облыс және қала көлемінде насихаттау және химия пәні мұғалімдеріне оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жетілдіру, дамыту мақсатында «Шебер класы» бірнеше жыл қатарынан нәтижелі  жұмыстар жүргізді. 

ҰБТ, ғылыми жоба қорғау сайыстары мен олимпиаданың барлық кезеңдерінде де оқушыларының жоғары деңгейлерін  дәлелдеген шебер ұстаз. 

Қазіргі таңда педагогикалық өтіліне 35  жыл толған жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі Гүлсім Қойшығұлқызының  «ҚР Білім беру ісінің үздігінің» төс белгісі,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2014 жылдың үздік педагогі» атағының иегері. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірнеше рет Құрмет граматаларымен марапатталды. «Аға мұғалім» атағының иегері, педагогикалық жетістіктер конкурсында «Облыстың үздік мұғалімі» деп танылып  Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының  (2009, 2011,2012, 2013жж) грант иегері, Ақтөбе қаласы  әкімі сыйлығының лауреаты (2001,2007ж) сонымен қатар қалалық және облыстық білім басқармаларының бірнеше мәрте Құрмет граматалары және алғыс хаттарымен марапатталған.

БИСЕМБАЕВА ТОТЫ ТӘЖІБАЙҚЫЗЫ – «Үздік педагог - 2014»

Ақтөбе қаласындағы Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі

Республикалық байқауының жеңімпазы. Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «За вклад в развитие образования» төсбелгілерін иеленді. Республикалық «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы», Дарын орталығы жанынан шыққан облыстық «Ұстаз тағылымы» атты энциклопедияларына есімі енгізілген. 2009, 2011 жылдары «Обылыстың ең үздік мұғалімі» деп танылып, облыс әкімінің грантын иеленген. Облыстың мұғалімдері үшін «Шығармашылық шеберханасына» бірнеше жыл жетекшілік етті. Бірнеше әдістемелік құралдардың авторы. Осы еңбектері еленіп, Халықаралық, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, республикалық, облыстық ғылыми - әдістемелік орталығы және кәсіподақ ұйымының атынан «Диплом», «Мақтау қағаздары» және «Алғыс хаттарымен» бірнеше дүркін марапатталды.

ДЖАКИБАЕВ НУРЛАН САУЛЕБАЕВИЧ - «Үздік педагог - 2014»

№1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының технология пәні мұғалімі

Педагогикалық еңбек стажы-31 жыл. Білімі жоғары. 2003-2009 ж.ж аралығында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясында п.г.д.профессор Ж.Т.Қараевтың ғылыми жетекшілігімен «Ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың кәсіби бейімділігін қалыптастыру» деп аталатын диссертация жазып аспирантурада білім алды. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 1982 жылы Ақтөбе индустриалды-педагогикалық техникумын «Ауыл-шаруашылық механизациясы» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Қазіргі күнде №1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясында «Технология» пәні бойынша педагогикалық қызмет атқарады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы белсенділігімен ғылыми-шығармашылық еңбек табыстары үшін 1996 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 2009 жылы Халықаралық ұйымдардың (USAID, EFCA, CHEVRON) атынан «Асыл ұстаз» номинациясы табысталды. 2014 жылы Қазақстан Республикасының «Үздік педагогы» атағы берілді. 2015 жылы Қазақстан қолөнершілер Одағына мүше. 

МАХАНОВА НҰРГҮЛ ЖЕТКЕРГЕНҚЫЗЫ – «Үздік педагог - 2014»

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Республикалық үздік педагог – 2014 конкурсының жүлдегері.

Жетістіктері:

• Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясы. Аккатова Д, Саркитова Н. ІІ дәрежелі диплом.

• 2010ж. "Фолиант" баспасының арнайы дипломы.

• 2011ж. "Триумф" Т" компаниясының арнайы дипломы.

• 2011ж. Ақтөбе облысының білім басқармасы Құрмет грамотасы.

• 2012ж. АООӘО Құрмет грамотасы.

• 2012ж. Ақтөбе облысының білім басқармасы Алпамисова А ІІІ дәрежелі диплом

• 2013ж. Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми әдістемелік орталығы - Құрмет грамотасы.

• 2013ж. АОӘО Кадралина Л. ІІ дәрежелі дипломы

• 2013ж. Ақтөбе Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы Маралқызы А. ІІІ дәрежелі дипломы

• 2014ж. АОӘО Арыстанбаев Т. ІІ дәрежелі диплом

• 2014ж. Ақтөбе облысының білім басқармасы Құрмет грамотасы.

• 2014ж. АООӘО ІІ дарежелі диплом.

АЙМУКАТОВ АСКАР ТУКПАНОВИЧ - «Yздiк педагог - 2015»

Декан физико-математического факультета Актюбинского регионального университета им. К. Жубанова

Кандидат педагогических наук. Является автором 4х учебных пособий рекомендованный МОН РК для учебных заведений ТиПО. Имеет 5 авторских свидетельств на электронные учебные пособия, предназначенные для  для учебных заведений ТиПО. Является победителем конкурса «Педагог-инноватор», проекта «Экосистема студенческого предпринимательства» организованный Алматы менеджмент университетом и «Тель-Авивским университетом» ERG группы. Обладатель гранта им.Сафи Утебаева, организованный «КазМунайГаз/Kazenergi» среди преподавателей ведущих  IT дисциплины. Победитель Республиканского конкурса «Лучший педагог-2015» среди учебных заведений ТиПО РК, организованной МОН РК.

ЖАНЖИГИТОВА ГУЛЬМИРА МОЛДАГЕРЕЕВНА – «Үздік педагог - 2015»

Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған «мектеп-интернат-колледж» кешенінде есту қабілетін дамыту кабинетінің мұғалім-дефектолог нұсқаушысы, жоғары санатты сурдопедагог

 «Коррекциялық мекеменің үздік педагогі», «Үздік дефектолог» облыстық сайыс-марафондарының жеңімпазы. Ақтөбе облысы бойынша «Радуга общения» шығармашылық шеберханасын құрып, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарға жетекшілік етеді. Естімейтін оқушыларды қалыпты оқушылармен кіріктіріп, қарым-қатынас жасауға үйрететін мұғалімдерге көмекші әдістемелік нұсқаулықтардың авторы. Педагог халықаралық, республикалық деңгейдегі өткізілетін ғылыми-тәжірибелік конференция және кәсіби сайыстардың белсенді қатысушысы. Оқушылары Республикалық «Жұлдызай» фестивалінің бірнеше дүркін бас жүлде, І, ІІ орын және халықаралық деңгейдегі «Майский ветер» сайысының жүлдегерлері.

ДРАБОВСКИЙ СЕРГЕЙ ГРИГОРЬЕВИЧ – «Үздік педагог - 2015»

Қобда ауданындағы Иманғали Білтабанов атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

ҚР білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» Облыс Әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. «Үздік мұғалім 2010» облыстық педагогикалық байқауының жеңімпазы. «Үздік қосымша білім беру педагогі» атты облыс Әкімінің грант иегері, Ақтөбе өңірі бойынша «Ақтөбе-Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығындағы «Ұстаз тағылымы» энциклопедиясына есімі енген. «Менің педагогикалық мамандығым» атты Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсының жеңімпазы. Бірқатар әдістемелік құралдардың авторы.

ИСКАРИНА АГИЛА СУРАГАНОВНА – «Үздік педагог -2015»

Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектепке музыка пәнінің мұғалімі, вокал үйірмесінің жетекшісі

Ұлағатты ұстаз білім саласына сіңірген ерен еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, «А.Байтұрсынов» медалімен марапатталып, облыстық «Жыл мұғалімі» байқауында жеңімпаз атанды. Республикалық көлемде музыка пәнінің мұғалімдерінің арасында жеке шығармашылық тарату жоспары бойынша «Әдістемелік портфолиосы» жарық көрді. «Н.Тілендиев оқшау дара тұлға», «Өмір-өзен», «Әнді нотамен үйрету» сияқты көптеген әдістемелік кітапшаларын шығарды. Шәкірттері «Абай, Шәкәрім» ән-байқауларынан республика көлемінде жүлдегерлер атанып жүр.

ЕРБАЛЮКОВА БИБИГУЛЬ КАЗИЕВНА - «Yздiк педагог - 2016»

Учитель химии-биологии высшей категории казахской средней школы №30 г.Актобе

Бибигуль Казиевна с 2000 года является руководителем областного центра «Жас Дарын» при средней школе №30, который работает по трем международным проектам: Дебаты, Одиссея разума и GLOBE. За 2015-2016 уч.год команды центра «ЖАС ДАРЫН» при сш №30 неоднократно становились призерами городского, областного и республиканских турниров и обладателями кубков. По результатам Республиканского фестиваля 2016г. и 2017г. центр «ЖАС ДАРЫН» при СШ №30 стал обладателем кубка «Чемпион Казахстана». Бибигуль Казиевна не раз была удостоена наград за свой труд, в 2016 году стала обладателем медали «За труд в профессиональной сфере». Была награждена дипломом І степени на Международной научно-практической конференции проходившей 25-26.02.2016г. в г. Москва, Российской Федерации. Победитель Республиканского конкурса «Лучший педагог -2016». 26-27 декабря 2016г. в городе Варшава участвовала в работе конференции «Сравнительный анализ Европейской системы образования на примере Республики Польша ДЕТСКИЙ САД-ШКОЛА-ВУЗ» и стала обладателем кубка «Лучший доклад-2016».

ТЫНЫШБАЕВА ЛИЗА ЖАКИПОВНА – «Үздік педагог-2016»

Байғанин ауданы, №3 Қарауылкелді орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты, Республикалық педагогикалық идеялар фестивалінің номинация иегері. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» «Педагоги трансляторы идей НИШ – учительская элита области» энцеклопедиясына енген. Облыстық «Үздік сабақ», «Облыстың ең үздік мұғалімі» байқауларының жүлдегері. Байғанин ауданы қоғамдық кеңесінің, Байғанин ауданы білім бөлімінің олимпиада комиссиясының мүшесі, «Жыл адамы» 2016 ж. атағының иегері. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, әзірлемелер дайындаған. Оқушылары халықаралық Яссауи байқауында, Республикалық пәндік олимпиадаларда, облыстық, республикалық, жобалар байқауында жүлдегерлер атанып жүр.

ЕСЕНГАЛИЕВА ГУЛДЕН УТЕЖАНОВНА – «Үздік педагог – 2016»

Ақтөбе Жоғарғы политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Физика магистрі, «Talap» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренері

Жетістіктері:

• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған және мақұлдаған үш оқу құралының және де Республикалық деңгейде 5 электрондық оқу құралының авторы.

• (№1096 7 маусым 2016 жылғы куәлік «Жалпы өнеркәсіптік тұтынушылар және оларды электрмен қамтамасыздандыру») 

• 2011ж. облыстық «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік оқытушысы», облыстық «Үздік куратор 2015» жүлдегері.

• 2018ж. «ТАҒЫЛЫМ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы І орын №3(51). 

• 2019ж. Елбасының «Қазақстаннның 100 жаңа есім» жобасы ҚР білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері «Алтын кітап» энциклопедиясына енді. 

• 2016ж. «Электрлік монтаждық жұмыстардың орындалуы» Worldskills Kazahstan Ұлттық кәсіби шеберлік облыстық байқауына даярлаған студенті жүлдегер.

ПРОХОРОВА НАТАЛЬЯ ВИКТОРОВНА – «Үздік педагог – 2017»

№ 72 жалпы білім беретін IT орта мектеп - лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ақтөбе қаласы бойынша әдістеме бірлестігінің жетекшісі, Ақтөбе облысының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ассоциациясының көшбасшысы. 2015 жылдан бастап Мәскеу қаласы жоғары экономика мектебінің шәкірттерінің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарынын, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырушы қызметін атқарып келеді. Жаңа оқулықтар бойынша республикалық сараптау комиссиясының мүшесі, халықаралық ынталы мұғалімдер тобының уәкілетті тұлғасы болып табылады. Ақтөбе қаласы әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің атынан сыйақыларымен, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған. Педагогтің шәкірттері халықаралық балалар кинофестивалінің жеңімпаздары, КИО республикалық олимпиадаларының жүлдегерлері.

БАЙДИЛЬДИНОВА ГУЛЬНАР ВАХИТОВНА - «Үздік педагог - 2017»

Педагог дополнительного образования и руководитель образцового ансамбля танца «Еңлік» в ГККП «Академия Творчества»

 

Педагогическую деятельность  начала в городском Дворце школьников в 1992 году в должности руководителем фольклорной группы «Еңлік», далее ставшей самостоятельным образцовым ансамблем танца «Еңлік». В 2017 году переводом принята педагогом дополнительного образования и руководителем образцового ансамбля танца «Еңлік» в ГККП «Академия Творчества». Старается перенять опыт лучших хореографов Казахстана, ближнего и дальнего зарубежья и донести до молодого поколения. Так, она получила огромный опыт, в свое время пройдя курсы усовершенствования в Государственном Российском Доме народного творчества в студии Игоря Моисеева, в Московском государственном университете культуры и искусств, в Алма-Атинском хореографическом училище им.Селезнева, в Центре по классическому индийскому танцу под руководством Акмарал Кайназаровой, Испании, Италии и т.д. За годы работы имеет большое количество наград и достижений, среди которых есть Почетные грамоты и благодарственные письма отдела образования г.Актобе, республиканского уровня:

Почетная грамота – Министерство образования, культуры и здравоохранения РК;

Нагрудный знаком «Почетный работник образования РК»;

Республиканское издание книги «Золотой фонд педагогов дополнительного образования РК», мое имя внесено в издание;

Медаль «За заслуги и достижения» Қазақстан Республикасының бизнесрейтинг ұйымдастыру комитеті;

Медаль «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін»;

В 2017 году – Гранд Акима области «Үздік педагог».

Юным танцорам Образцового ансамбля танца «Еңлік», аплодировали на фестивалях и конкурсах в России, Болгарии. Турции, Франции, Туркмении, Арабских Эмиратах, а также во многих городах нашей республик – Астане, Алматы, Актау, Уральске. Коллектив также принимает самое активное участие в мероприятиях города и области. Как солисты, так и ансамбль являются обладателями Гран-при, лауреатами Республиканских, Всероссийских, Международных конкурсов и фестивалей.

УТЕНОВА МАДИНА ЖАМАЛАДИНОВНА – «Үздік педагог-2017»

Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияның тарих пәнінің мұғалімі, «Халық қазынасы» этнопедагогикалық мұражай жетекшісі

Кипрде өткен халықаралық конференциясына ғылыми еңбектері жарияланып, мақтау қағазымен марапатталған, халықаралық шығармашылық фестивалінің қатысушысы. Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, жинағына баяндамасы жарияланып, грант иегері атанды. Бірнеше авторлық бағдарламалар жазған, оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

УТЕУЛИЕВ ЕРЖАН БАКТЫБАЕВИЧ – «Үздік педагог-2017»

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің «Автоматтандыру және басқару» бөлімінің меңгерушісі, экономика ғылымдарының магистрі, «Talap» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренері

Жетістіктері:

• 2014 жылы Мәскеу қаласында және 2017 жылы Ұлыбритания мемлекетінде (Шотландия) Глазго қаласының, Глазго университетінде тағылымдамадан өткен.

• 2015 жылы Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау» жобасына қатысқаны үшін ҚР Білім және Ғылым министрілігінің Алғыс хатымен марапатталған. 

• 2016 жылы «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру саласына қосқан ерен еңбегі үшін» О.Джандосов атындағы медальін иеленген.

• 2017 жылы «Өнегелі ұстаз» V Республикалық педагогтардың сайысының І орын иегері. 

• 2017 жылы «Үздік педагог-2017» республикалық байқауының жеңімпазы.

• 2019 жылы Ы.Алтынсарин республикалық байқауының жеңімпазы.

• 2019 жылы «Алтын кітап» ІІІ республикалық энциклопедиясына енгізіліп, «Білім беру саласының үздігі» медалін иеленген. 

• 2017 жылы Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мен «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасы;

• 2018 жылы «Кәсіпқор Холдинг» КЕАҚ-ның Алғыс хаты;

• 2019 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы;

• 2019 жылы Ақтөбе қаласының әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Халықаралық және республикалық деңгейдегі еңбектері бар:

• «Электротехника және электроника негіздері» электронды оқу құралы;

• «Теоретические основы электротехники» электронды оқу құралы;

• LAP Lambert Academic Publishing баспасында (Германия, 2017ж) «Автоматизация технологических процессов отрасли» оқу құралы және т.б.

САРЖАНОВ ОРЫНБАСАР – «Үздік педагог - 2018»

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі, облыстық математика пәні мұғалімдерінің ассоциациясының көшбасшысы

Үздіксіз еңбек еткен ұстаздық жолында Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі», Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының 10 жылдығына арналған төсбелгісі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгілер иегері. Ақтөбе облысы Әкімінің Алғыс хаттары, «Облыстың үздік мұғалімі» педагогикалық жетістіктердің конкурс-марафонының жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының марапаттары, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Дарынды шәкірттерін шыңға шығарып, әр оқушының қабілетін ашуда елеулі еңбек атқарған аға ұстаз. Кәсіби маман ретінде республика, облыс көлемінде танымал педагог.

КЫДЫРБАЕВА БОТАГӨЗ ЖЕҢІСҚЫЗЫ – «Үздік педагог - 2018»  

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, №6 Хромтау гимназиясы информатика пәнінің мұғалімі, педагог–зерттеуші 

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жеңімпазы, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «U –FUTURE» республикалық тестілеу орталығымен ұйымдастырылған   «Білім беру ісінің үздік педагогы-2020» атты республикалық байқаудың жеңімпазы. «Дарын» Республикалық  ғылыми-практикалық орталығының алғыс хатымен, «Modern Eurasia» Халықаралық қорының, Ақтөбе облыстық ғылыми –тәжірибелік орталығы алғыс хаттарымен марапатталған. Прага қаласы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпазы, халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына жеңімпаздар дайындаған үшін Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдер университетінің және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Құрастырған бірнеше әдістемелік құрал және авторлық бағдарламасы  тәжірибе жүзінде іске  асырылуда. Шәкірттері  халықаралық, республикалық, облыстық  ғылыми жоба қорғау байқауларында  жүлделі орындарға ие болып танылуда,  облыстық пәндік олимпиада жеңімпаздары. 

МЫНЖАСАРОВА ГУЛЬНАЗ ИЗТЛЕУОВНА – «Үздік педагог-2018»

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері 

Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық ұлттық тестілеу орталығының, «U-FUTURE» орталығының тұрақты әзірлемшісі және сарапшысы, биология пәні бойынша ұйымдастырылған облыстық «ШЫҢ» шығармашылық шеберханасының жетекшісі. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталған. Оқушылары жаратылыстану–математикалық бағыттағы пәндер бойынша (биология) республикалық олимпиаданың жүлдегерлері. 

МУКАШЕВА АЛМАГУЛЬ СУЛТАНОВНА – «Үздік педагог – 2016»

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің арнаулы пәндер оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі

Жетістіктері: 

• «Кәсіпқор» Холдингі» ҰАҚ штаттан тыс тренері, сонымен қатар 2015 жылдан бастап «Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша халықаралық сарапшы. 

• 2017ж. Worldskills Russia «Жас кәсіпқойлар» халықаралық чемпионаты, «Кірпіш қалау» құзіреттілігі, Хабатай Айбек , 3-орын, Ресей, Краснодар қ.; 2016 ж. EuroSkills Швеция, Гетеборг (Gothenburg) қ.; 

• 2017ж. Worldskills Kazakhstan ұлттық чемпионаты, «Кірпіш қалау» құзіреттілігі, Данько Владислав, 3-орын; 

• 2017ж. Worldskills International әлем чемпионаты, Шишкин Роман, «Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша қатысты, БАӘ, Абу-Даби қ. 

• 2015ж. Worldskills Kazakhstan ұлттық чемпионатын өткізуге белсене қатысқаны және жоғары кәсіби деңгейі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. 

• 2016ж. «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

БАЗАРҒАЛИЕВА БАЯН ТЕМІРЖАНҚЫЗЫ – «Үздік педагог - 2019» 

«Білім-инновация» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының номинанты. Оқушылардың интеллектуалдық дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және Ақтөбе облысының «Жыл адамы – 2019» атағымен марапатталды. Германияның Кёльн қаласында өткізілген «Didacta» конференциясына қатысты. Халықаралық, республикалық семинар, конференцияларда және облыс көлемінде тәжірибесі таратылған, авторлық бағдарлама негізінде нәтижелі жұмыс жасайтын, кәсіби шебер мұғалім. Біліктілік санаты – «педагог-шебер». Ол 2012 жылдан бері Ұлттық тестілеу орталығының тест тапсырмаларын құрастырушы авторлар және сараптамашылар құрамында. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының шығармашылық тобының мүшесі, «Ақ бота» республикалық зияткерлік сайысының тапсырмаларын құрастырушы-автор. Шәкірттері республикалық пәндік олимпиада және ғылыми жарыстарда жеңіс тұғырынан танылып, жүлделі орындар иеленуде. Республикалық пәндік олимпиада, Республикалық ғылыми жарыста, Республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасында шәкірттері жеңімпаз атанды. Республикалық М.Жұмабаев оқуларында, Республикалық жыршылар конкурсында, «Мың бала» республикалық байқауында жүлдегер атанған шәкірттердің ұстазы. 

МИХАЙЛОВА ТАТЬЯНА ВАСИЛЬЕВНА – «Лучший учитель-2019»

Учитель начальных классов средней школы-гимназии №9 города Актобе

Педагог-мастер, автор учебников «Литературное чтение» для пилотных школ издательства NIS для 2 и 3 класса, разработчик уроков для Онлайн-мектеп по литературному чтению для 4 класса. Обладатель нагрудного знака «Почётный работник образования Республики Казахстан». Руководитель областного мастер-класса по критериальному оцениванию, руководитель Ассоциации учитель начальных классов Актюбинской области. Разработчик уроков по литературному чтению для 4 класса образовательной платформы BILIMLAND. Татьяна Васильевна - активный участник научно-практических конференций, семинаров, мастер-классов и коучингов областного, республиканского и международного уровня. Имеет Благодарственные письма и Почетные грамоты Министерства образования и науки, областного управления образования, ОНПЦ, филиала РНПЦ «Дарын» и НЦПК «Орлеу», городского и областного акимата. Татьяна Васильевна является победителем различных педагогических олимпиада, руководила творческой группой по внедрению эксперимента областного и республиканского уровня. Ученики Михайловой Т.В. – победители различных интеллектуальных и творческих конкурсов, олимпиад городского, областного, республиканского и международного уровней. 

АЛБАЕВА ТАМАРА ГАБИТОВНА – «Үздік педпаог – 2019»

Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бұл мектепте 30 жыл үздіксіз жұмыс жасап келеді. Еңбек кітапшасында бір ғана жазба бар: "№23 орта мектеп-лицейі, мұғалім". 10 жыл бойы қазақ тілі кафедрасын басқарады. Оның оқушылары жыл сайын халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Ол тек балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен қатар мұғалімдерді оқытатын мектеп жаттықтырушысы. Әріптестерінің айтуынша, Тамара Ғабитқызы - көшбасшы мұғалім, Педагогикалық шеберлік орталығының мұғалімдер қауымдастығында «Жаңашыл, инновациялық мұғалім» атағы бар. Түрлі педагогикалық байқаулардың жеңімпазы: "Жылдың үздік мұғалімі – 2018"- І халықаралық конкурс, "ПедСтарт" - ІІ дәрежелі Диплом, республикалық ғылыми жоба – І дәрежелі Диплом, мұғалімдерге арналған облыстық пәндік олимпиада – І дәрежелі Диплом, облыстық, республикалық және халықаралық семинарлар мен конференцияларда сөз сөйлейді: "Білім берудің заманауи көрінісі: тәжірибе мен перспективалар"-2018 - халықаралық ғылыми-практикалық конференция, "Филология: кеше, бүгін, ертең..."-2018- ғылыми-практикалық семинар т.б. Ол ерекше істермен айналысатын қарапайым әйел: балалардың бойына бір-біріне деген сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық пен қамқорлық қасиеттерін сіңіре отырып, тәрбиелейді. Мұның бәріне өз істерімен үлгі болып жүр. 

 - Мен Қазақстанды «Әлем мұғалімі» жаһандық конкурсында таныстырғаныма өте қуаныштымын, үмітті ақтағым келеді. Егер сыйлық бізге берілсе, мен балалар үшін көп нәрсе жасар едім. Біздің өміріміз, еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне байланысты. Бұл процеске барлығы қатысуы керек деп санаймын: ата - аналар да, мұғалімдер де, біздің мемлекет те, - деп атап өтті педагог.

 ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің, "Нұр Отан" ХДП, Ақтөбе облыстық білім басқармасының, "Ізгілік педагогикасының халықаралық орталығы" қоғамдық бірлестіктер халықаралық қауымдастығының Президенті Ш.А.Амонашвилидің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған. 

Педагогикалық ұстанымы: заман талабына сай, бәсекеге қарсы тұра алатын, саналы, сауатты, қоғамға пайдалы ұрпақ тәрбиелеу.

КУСПАНОВА САУЛЕ УМБЕТКАЛИЕВНА  - «Үздік педагог - 2019»

Актөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің  жоғары санатты арнайы пән оқытушысы,  техника ғылымдарының  магистрі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі

«ҚР Білім және ғылым министрінің білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.   Республикалық «ҚР білім және мәдениет саласындағы   үздік қызметкерлерлері» энциклопедиясына  шығармашылық жетістіктері бойынша енген. 

Педагогикалық тәжірибесін жинақтау, тарату және педагогикалық шеберлігін дамытуда Беларусь Республикасының, Минск қаласында және Ресей Республикасының, Ижевск қаласында біліктілігін көтерген.

«Техникалық және кәсіптік оқу орнының үздік оқытушысы» облыстық байқауының  жеңімпазы және облыс әкімі грантының иегері. Облыстық «Үздік педагог – 2013,2014,2015,2016,2017»  байқауларының  жеңімпазы.

Республика, облыс, қала  дәрежесінде  студенттердің шығармашылық, ғылыми жобаларының  жетекшісі.

Республикалық қол өнер шығармашылығы байқауы- “Қазақстанның жаңа дарындары”  қоғамдық қоры, «Будущие асы цифрового машиностроения» облыстық  «Креативті робо-жобалар»  облыстық байқауында үздік ғылыми техникалық жұмысын ұсынған үшін,«WorldSkills Kazakstan Aktobe -2019» аймақтық чемпионаты  «Инженерная графика CAD» , құзіреттілігі бойынша Ресей  Федерациясы, «Самара жол қатынастары мемлекеттік университеті» филиалында  өткен  «Молодежь.Наука.Транспорт»  халықаралық ғылыми –практикалық  конференцияда  I дәрежелі  Диплом, «Алғыс хат» пен   марапатталған. «Ұлттық құндылықтар мен инновациялық идеялар» атты республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы I дәрежелі Диплом

ДЖУЛАЕВА БАЛИЯ БАБЫКОВНА –  «Үздік педагог – 2020»

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі 

Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама», «Инновациялық идеялар фестивалі» кәсіби байқауының бірнеше мәрте жүлдегері. Халықаралық «Лидер педагог-2017» сайысының, Францияда өткен Халықаралық педагогикалық конкурстың жеңімпазы. Тұңғыш рет өткен І Республикалық Қазақстан филологтар съезінде «Дебат – жаңа заман технологиясы» тақырыбында баяндама оқып, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасты. «Сөз өнері», «9-класта стилистиканы оқытудың тиімді жолдары», «Олимпиада шыңы» (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға қатысушыларға арналған), «Гуманитарлық пәндерді оқытудағы LESSON STUDY-дің тәжірибелік аспектілері» (гуманитарлық пәндер мұғалімдеріне арналған көмекші құрал), «Аңыздар – халық мұрасы» (аңыз әңгімелерді үш тілде оқытуға арналған оқу-құрал) әдістемелік еңбектерінің авторы. Шәкірттері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиададаның, Қанипа Бітібаева атындағы республикалық білім бәсекесі, Абай атындағы республикалық олимпиаданың, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық жоба қорғау сайысының жүлдегерлері.

ҚАЛБЕК САНЗИРА ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ – «Үздік педагог – 2020»

Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының география пәні мұғалімі

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жеңімпазы. «Білім-инновация» лицейлері мұғалімдері арасында өткен «Ең үздік мұғалім» байқауының жүлдегері, «Үздік сындарлы сабақ» байқауының қатысушысы, «Үздік географ-2017» атты облыстық байқауының бас жүлде иегері. Шәкірттерін білім додасына қосып, белестерді бағындыруға үлес қосқан ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының облыстық Құрмет грамотасымен, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен, «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының, Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «ПедСтарт» қашықтық олимпиадасының жеңімпазы. Республикалық «География және табиғат», «Қазақстан мектебі» журналдарында және облыстық баспасөз беттерінде мақалалары жарияланған. Ол бірнеше әдістемелік құрал және цифрлық білім беру орталарының авторы, құрастырған авторлық бағдарламалары тәжірибе жүзінде іске асырылуда. Шәкірттері халықаралық, республикалық, облыстық пәндік олимпиадаларда және ғылыми жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, танылуда. Жапония мемлекетінде өткізілген халықаралық пәндік олимпиадада шәкірті жүлдегер атанса, жыл сайынғы Қ.И.Сәтпаев атында өткізіліп тұратын халықаралық олимпиадада шәкірттері жеңіс тұғырынан танылып, жүлделі орындар иеленген.

ТОБЫЛБАЕВ ЕРКІН ТЕМІРЖАНҰЛЫ – «Үздік педагог – 2020»

Ақтөбе қаласы № 55 орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Ақтөбе облысында еріктілер қозғалысының белсенді мүшесі, «Арыс-2019» жұмысы аясында еріктілер ісіне атсалысты. Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Облыстың үздік мұғалімі» марафон-конкурсының жеңімпазы, Ақтөбе облысы әкімінің грант иегері. Ақтөбе облысы әкімінің «Ақтөбе облысының ең үздік тарих пәні мұғалімі» сыйақысының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлдегері, «Өз ісінің шебері» номинациясының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Алғыс хатымен, Сүлеймен Демирель атындағы университеттің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қорының Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе Заң институтының Алғыс хатымен марапатталған. Ол бірнеше әдістемелік құрал мен электронды орталарының авторы, құрастырған авторлық бағдарламалары тәжірибе жүзінде іске асырылуда. Шәкірттері республикалық пәндік олимпиада және ғылыми жарыстарда жеңіс тұғырынан танылып, жүлделі орындар иеленіп, жоғары оқу орындарында грант иелері атануда.

ОСПАНОВ МИРАТ КОРҒАНБЕКҰЛЫ – «Үздік педагог – 2020»

Учитель физики Назарбаевской интеллектуальной школы

Мират Корғанбекұлы в 2015 году закончил Актюбинский Региональный Государственный университет имени Қ. Жубанова по специальности «Учитель физики» с отличием. В 2020 году закончил магистратуру АРГУ имени К.Жубанова по специальности «Физика». Педагогический стаж 5 лет, уровень педагогического мастерства учитель. Оспанов Мират Корганбекулы придя в школу студентом-практикантом в 2014 г., был приглашен на должность ассистента учителя и зарекомендовав себя с лучшей стороны, прошел конкурс на учителя физики НИШ ФМН г. Актобе в 2015 г. Оспанов Мират Корганбекулы – современный молодой учитель, отвечающий вызовам «Четвертой промышленной революции». Умело применяя в своей педагогической практике новейшие технологии CLIL, STEAM, PBL в обучении, он всегда стремится применять свой интеллектуальный потенциал учителя для улучшения своей практики и развития одаренности учащихся. В 2016 году стал победителем школьного конкурса молодых учителей «Педагогический дебют», тем самым заявил о себе, как о ярком и креативном учителе, реализующим миссию школы - «Содействие раскрытию интеллектуального потенциала школьного сообщества через интеграцию национальных и международных достижений в образовании и науке». Несмотря на молодость, Оспанов Мират Корганбекулы принимает активное участие в образовательном процессе Назарбаев Интеллектуальных школ. Знание английского языка и высокий академический уровень позволили Оспанову Мирату Корганбекулы преподавать физику в 11-12 классах и подготовить учащихся в сдаче МЭСК (Международный экзамен совета Кебриджа) на высоком уровне.

АДИЛОВА ЖАЙНАГҮЛ МУСТАФИНА – «Үздік педагог - 2020»

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Ақтөбе облысы әкімінің (2017, 2018, 2019ж) грант иегері. 

2017 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы Құрмет грамотасы;

2018 жылы Ақтөқбе облысы тілдерді дамыту орталығы Алғыс хаты;

2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі Құрмет грамотасы;

2018 жылы Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаты; 

2019 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы;

2019 жылы Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаттарының иегері.

Республикалық көлемдегі оқу құралдарының тұрақты  сараптамашысы.

«Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқыту ортасын дамыту» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік onlaine - конференция жұмысына белсене қатысып, техникалық кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қосқан  озық идеялары үшін дипломмен марапатталды.

Республикалық, облыстық деңгейде бірнеше әдістемелік құралдары мен электронды орталары жарық көрді. Құрастырған авторлық бағдарламалары  тәжірибеде қолданылуда. 

Студенттері жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық, облыстық, қалалық олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленуде. 

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.