«Ақтөбе-Өрлеу» институты кітапханасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын қолдау аясында ұйымдастырған “Оқырман портфолиосы” тақырыбындағы облыстық сайысы жалғасын табуда. Сайысқа қатысушылар өтінішпен конкурс материалдарын электронды түрде 2021 жылдың 16 қыркүйегіне дейін ұйымдастыру комитетінің Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды мекен-жайына немесе 87471924131 ватсап нөміріне жібере алады.

Сайыс қорытындысы «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ http://www.aktobe-orleu.kz/ сайтында, әлеуметтік парақшаларға жарияланады. Сайыс жеңімпаздары дипломдармен, алғысхаттармен марапатталады. Кітап оқуды қолдау және дамыту – жалпыұлттық міндет. Сондықтан аталған шараға қатысып, кітап оқу мәдениетін дамытуға атсалысайық! Сайыс ережесі төменде


Білім беру ұйымдарының  кітапханашылары арасында өткізілетін Оқырман портфолиосы” тақырыбындағы облыстық  сайыстың Ережесі  

 

1.     Жалпы ереже

1.1. Білім беру жүйесі кітапхана мамандарына арналған Оқырман портфолиосыатты облыстық  сайыс өткізіледі.

1.2 Бұл Ереже сайыстың өткізілу тәртібін, сайысқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптарды, сайыс қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттауды анықтайды.

1.3. Сайыс сырттай өткізіледі.

2.               Конкурстың мақсаты және талаптары

 

2.1. Сайыс мақсаты: кітап оқуды қоғамның рухани құндылығы ретінде танымал ету, кітапханашыларды шығармашылық жұмыс жасауға ынталандыру.

 

2.2. Сайыс міндеті :

¾    кітапханашылардың шығармашылық және кәсіби шеберліктерін айқындау және қолдау;

¾    кітапқа деген жағымды қатынасты және оқуға деген қажеттілікті қалыптастыру;

¾    балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың жеке шығармашылық даралығын ашу;

¾    отбасылық оқу дәстүрлерін сақтау және дамыту;

¾    оқушылардың ақпаратты электронды түрде құру, жинау, жүйелеу, өңдеу дағдыларын қалыптастыру.

3.     Сайыстың өткізілу тәртібі

 

3.1.  Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын қазақ және орыс тілдерінде жібере алады.

3.2. Сайысқа қатысуға өтінішпен конкурс материалдарын электронды түрде 2021 жылдың 25 тамызына дейін жібере алады.

3.3.Бекітілген уақыттан кейін жіберілген конкурстық жұмыс қабылданбайды.

3.4.Ұйымдастыру комитетінің функциясы:

- сайысты ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру ;

- сайыс жұмыстарын қабылдау;

-ереже талаптарына сай келмейтін сайыс жұмыстарын қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығару;

- сайыстың талаптарға сай өтуін қадағалау;

3.5. Сайыс жеңімпаздарын  Ұйымдастыру комитетінің мүшелері анықтайды.

3.6. Сайысқа қатысу сайыс талаптарына келісетіндікті білдіреді.

4.     Сайыс қатысушылары

4.1. Сайысқа білім беру мекемелерінің оқушылары жетекшілерімен қатыса алады. Байқауға қатысу үшін жеке және ұжымдық шығармашылық жұмыстар қабылданады.

 

5.      Сайыс материалдарын рәсімдеу талаптары :

 

5.1. Сайысқа білім беру ұйымдарының оқушыларының электронды портфолио (презентация) ұсынылады.

Электрондық портфолио (презентация) - портфолио авторының ойын аудиторияға көрсетуге арналған слайдтар жиынтығы болып табылатын электрондық құжат. Презентация мәтін, гипермәтіндік сілтемелер, компьютерлік анимация, графика, видео, музыка және дыбыспен біртұтас ұйымдастырылған орта болуы мүмкін. Презентацияны  құрылымын сайысқа қатысушы өзі анықтайды, қатаң шаблондар мен ережелер жоқ. Шығармашылық жұмыстың мазмұны байқау тақырыбына сәйкес келуі керек.

Microsoft PowerPoint 2003-2007 форматында жасалған электронды презентациялар қабылданады, оның ішінде 15 слайдтан аспау керек;

Презентацияны  жасаушы туралы ақпарат көрсетілген титул беті болуы керек.

Бейнеролик түрінде жасалған жағдайда 2-3 минуттан аспауы керек.

 

5.2. Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

1.     «Зерделі оқырман»

2.     «Менің кітаптарымның рейтингі»

3.     «Біздің отбасымыздың бәрі оқиды!»

4.     «Бүкіл сынып болып оқимыз!»

5.     Бұл кітап маған ... (тігу, оригами жасау, бөлме өсімдіктерін күту, күрделі математикалық есептерді шығару және т.б. (қатысушының таңдауы бойынша) үйретті.

6.     Мұнда кітаптар тұрады (кітапхана туралы әңгіме (отбасы, мектеп, т.б.)

7.     Мен жазушы болғым келеді.

Байқау жұмыстары  2021жылдың 25 тамызына дейін ұйымдастыру комитетінің Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды мекен-жайына немесе 87023924131 ватсап нөміріне жіберіледі. Сайысқа қатысуға өтінім байқау жұмысына қоса беріледі (1-қосымша).

Сайыс нәтижелері 2021 жылдың 1 қыркүйегінде жарияланады.

6. Бағалау өлшемдері

- берілген материалдардың мазмұны педагогикалық мақсатқа, білім беру міндеттеріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі;

- сайыс тақырыбына сәйкес болуы;

- тақырыптың ашылу деңгейі: сауаттылығы, айқындылығы, көлемі, пайымдылығы;

- оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктеріне сай жобаның дизайны (түстері, бірыңғай стиль, визуалді эффектілері);

- сайысқа қатысушының кәсіби шеберлігі, эрудициясы, шығармашылық жұмысының жоғары деңгейі.

7.Марапаттау

7.1.Сайыс жеңімпаздарының материалдары «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ http://www.aktobe-orleu.kz жарияланады.

 

Ұйымдастыру комитеті

Ережеге қосымша

 

Оқырман портфолиосы” тақырыбындағы облыстық  сайысқа қатысуға өтінім

Қатысушының

аты-жөні

Сыныбы

Жасы

Облыс, аудан (қала), ауыл, білім беру ұйымы)

Байқау, номинациялар атауы

 

Байланыс мәліметтері (ұялы телефон, эл. пошта)

 

Қатысушының аты-жөні, (толығымен, лауазымы)

 

 

Light Gallery cannot find your image path: images/090921!

Joomla Plugins

Контакты

Адрес: г. Актобе, ул. Тургенева, дом 86

E-mail: akt@orleu-edu.kz

Тел.: +7(7132) 56-05-37

Яндекс.Метрика

Top
Скачать шаблоны Joomla 3.8.